Алматы, 27 мамыр. Алматы қаласында «Doscar Group» компаниялар тобына кіретін дилерлік орталықтың ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл ТМД елдері арасында Kia-ның жаңа брендбугы бойынша салынған алғашқы дилерлік орталық.
Іс-шара Kia Doscar Алматы дилерлік орталықтың директоры Айдос Молдабергенов және Kia Qazastan дистрибьюторының бас атқарушы директоры Максим Мягчиловтың алғы сөздерінен басталды. Қызыл лентаны қию рәсімінен кейін тараптар естелік сыйлықтармен алмасты. Шараға автоблогерлер мен медиа өкілдері де қатысты.
Қала тұрғындары мен қонақтары премиум санаттағы қызмет көрсететін жаңа шоурымның ашылуына куә болды. Дилерлік орталық 1S принципі бойынша жұмыс істейтін болады. Жаңа автоорталық Алматының беделді бөлігінде, ыңғайлы көлік инфрақұрылымы бар жерде орналасқан.
Жаңа 5-ші буындағы Kia Sportage тұсаукесері дилерлік орталықтың ашылу салтанатымен біріктірілді. Көлік құралының жиынтықталуы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша көлік сыныптастарынан асып түседі және «Қарама-қайшылықтар бірлігі» атты жаңа дизайнның философиясына сәйкес жасалған.
«Бұл жерде екі шара біріктірілген – олар Kia Doscar Алматы дилерлік орталықтың ашылуы және су жаңа Kia Sportage автокөлігін көпшілікке ұсыну. Бұл біздің Алматыдағы алғашқы дилерлік орталығымыз. Жоба 5 айдың ішінде жүзеге асырылды. Біздің ұжым ел бойынша дилерлік желіні кеңейтіп, мүмкіндігінше көбірек тұтынушыларға сапалы әрі премиум санаттағы қызмет көрсетуді көздеп отыр», - деді Kia Doscar Алматы дилерлік орталықтың директоры Айдос Молдабергенов.
Ғимараттың ультра заманауи экстерьері интерьерге үйлесіп, тұтынушыларға жайлы атмосфера ұсынады. Ыңғайлы шоурум бірнеше аймаққа бөлінген. Бұл көрме және клиенттер аймақтары, тұтынушыларға арналған демалыс және көліктерді беру аймағы. Интерьер бүкіл дилерлік кеңсені автокөліктерді көрсету және сату аймағы ретінде ғана емес, қала ортасындағы оазис ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.
«Біз «Doscar Group» компаниясы елімізде Kia брендінің дамуына қосып жатқан зор үлесін бағалаймыз. Бұл Kia-ның жаңа стандарттары бойынша салынған Қазақстандағы алғашқы дилерлік орталық екенін тағы да атап өтемін. Біз әрбір дилерлік орталықтың ашылуына үлкен жауапкершілікпен қараймыз, өйткені мұндай шара автокөлік нарығының дамуы үшін маңызды», - деді Kia Qazastan дистрибьюторының бас атқарушы директоры Максим Мягчилов.
Kia Doscar Алматы орталығында келесі қызмет түрлері көрсетіледі: Kia автокөліктерін сату, несиелендіру, сақтандыру, аксессуарларды орнату және кепілдік бойынша қызмет көрсету. «Doscar Group» дилерлік орталықтарында жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша қазақстанда жиналған көліктерді сатып алуға болады. Автоорталықтарда Kia, Chevrolet, Jac автомобильдердің модельдері бар. Trade-in бағдарламасы Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында қарастылған. Қазіргі уақытта «Doscar Group»-тың дилерлік орталықтары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз және Өскемен қалаларында бар. Шымкентте үш автоорталық, Алматыда бір автоорталықтың құрылысы жүріп жатыр.
Сіздерді дилерлік орталықтарда күтеміз!