Аталған қор халықтың әлеуметтік осал топтарына: аз қамтылғандарға, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге арналған. Қордан көмек төтенше жағдайларда, табиғи апаттарда және басқа да жағдайларда қарастырылады.
Бұған дейін DOSCAR компаниясы бірнеше рет төтенше жағдайларда – өрт, жер сілкінісі сияқты оқиғаларда, сондай-ақ ҰОС ардагерлеріне гуманитарлық және қаржылай қолдау көрсеткен болатын. Бұл – біз көмек көрсеткендердің толық тізімі емес, және біз бұдан да көп көмек көрсетуді қалаймыз. Осылайша, компания DOSCAR FOUNDATION – қайырымдылық қорының идеясын жүзеге асыруға шабыттанды. Бұл қордың көмегімен қайырымдылыққа көбірек адам қатыса алады.
Ай сайын компания қызметкерлері өз жалақыларының бір бөлігін қорға аударады, бұл қордың толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Әрбір қызметкер көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созуды өз парызы санайды.
DOSCAR барлық бейжай қарамайтын жандарды бізге қосылуға шақырады. Қоғам тарапынан жеткілікті қолдау болған жағдайда, біз бірлесе отырып, одан да көп игі істер жасай аламыз. Қоғам игілігі үшін жұмыс істеу – әрбір әлеуметтік жауапты азаматтың қосқан үлкен үлесі.
Қор жұмысы туралы жаңалықтарды @doscarfoundation.kz парақшасынан бақылап отырыңыз, онда біз өзекті ақпараттарды жариялап отырамыз.