DOSCAR көлікті сатып алу мен иелену барысының барлық кезеңінде Клиенттерге жайлылық жасауға ұмтылады. Шина сатып алу — көлік иелері үшін ажырамас қажеттілік. Бүгінде сізде DOSCAR дилерлік орталығынан шықпай-ақ, сапалы жаңа Pirelli шиналар жинағын сатып алып, қауіпсіз әрі жайлы жүруге мүмкіндік бар!

Көп жылғы инвестиция, ҒЗТКЖ және жаңашылдыққа ұмтылыстың нәтижесі болған Pirelli автомобиль шиналарының каталогы жеңіл көліктерге, жол талғамайтын көліктерге және жеңіл жүк көліктеріне арналған жазғы, қысқы және маусымаралық шиналардың кең түрін қамтиды.

Көп жылғы зерттеулер мен инновациялардың нәтижесінде қыс мезгілінің қатаң ауа райы жағдайына арнайы әзірленген Pirelli Ice™ шиналар отбасы жасалды.

Ice™ Zero — көлікті мұзда басқаруды және пайдалануды жақсарту үшін арнайы әзірленген, жүргізушіге жоғары деңгейдегі қауіпсіздікке кепілдік беретін Pirelli шипті шиналары. Қыстың ең күрделі ауа райы жағдайында сынақтан өткен.

Ice™ Zero 2 — премиум, престиж және S.U.V. класты көлік модельдеріне арналған жаңа буын Pirelli шипті шиналары. Олар пайдалану кезінде жоғары деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және әсіресе акустикалық жайлылыққа кепілдік береді.

Ice™ Zero FR — қалалық көліктерге, премиум седандар мен кроссоверлерге арнайы әзірленген шиналар. Оны жайлы жүруді, көліктің басқарылуы мен төсеніші нашар қысқы жолдардағы орнықтылығын бағалайтындар таңдайды.

Шиналардың артықшылықтары Pirelli:

  • Тамаша тарту-ілінісу және тежеу көрсеткіштері;
  • Жоғары өнімділік;
  • Басқару командаларына дәл әрі сезімтал жауап;
  • Протектор элементтерінің оңтайлы орналасуы;
  • Жүріс және акустикалық жайлылық;
  • Ұзақ пайдалану мерзімі.

Pirelli қысқы шиналарының кең түрі каталогта ұсынылған қатардан клиенттің талабына және көліктің сипаттамасына сай тауарды оңай таңдауға мүмкіндік береді.

 

Сіздің ыңғайлылығыңыз үшін қосымша бағдарламалар мен қызметтер ұсынылады:

- Tyrelife™️ кепілдігі - шиналарыңызды зақымданудан қорғау

Бағдарламаға қатысушы бола отырып, сатып алған күннен бастап 1 жыл ішінде пайдалану кезінде зақымданған жағдайда сатып алынған әр шинаны бір рет жөндетуге немесе бір рет ауыстыруға болады. Кепілдік сатып алынған шиналардың құнына енгізілген және түпкі тұтынушыдан (жеке тұлғадан) қосымша шығынсыз беріледі.

- Тегін шина монтажы

Акция сатып алынған жинаққа (4 дана) ғана бір реттік толық тегін шина монтажын алуға мүмкіндік береді. Сатып алынған жинақ бір көлікке орнатылуға тиіс.

- Шиналарды маусымдық сақтау

Барлық орталықта «Шиналарға арналған қонақүй» қызметі ұсынылады — шиналар мен дискілерді маусымдық сақтау.

Шешіп алған шиналарыңыз бен дискілеріңізді шина монтажынан кейін бірден сақтауға қалдыра аласыз. Маусымаралық кезеңде шиналарды жеңілдікпен тиімді сатып алдыңыз ба — қажет болғанға дейін бізде сақтауға қалдырыңыз. Шиналарды бізден алмаған болсаңыз да — бәрібір әкеліңіз, оларды сақтауға қуана қабылдаймыз.

 

DOSCAR — Сіз және Сіздің көлігіңіз үшін ең жоғары жайлылық пен сенімділік жасауға арналған жеке көзқарас.